«Төрт тоқсан- төрт өнер» » №48 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№48 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-75-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 381-49-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төрт тоқсан- төрт өнер»
21
қыркүйек
2023

«Төрт тоқсан- төрт өнер»


Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрлігі «Төрт тоқсан- төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының (бұдан әрі- Жоба) іске асырылатынын хабарлайды.
Жобаның мақсаты- қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық, бірегейлік, әлеумеитік құзіреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне көп ұлтты мемлекет
жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.
Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ, халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу
арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау мақсатында «Ақындар айтысы» жас импровизатор-
ақындардың республикалық сайысын бірінші тоқсанда өткізу жобада қарастырылған.
«Ақындар айтысы» жас ақын- импровизаторлардың
сайысы республиканың әр елді мекеніндегі барлық
мектептерде, мектептен тыс ұйымдар мен колледждерде 2023 жылы 11 қыргүйек - 24 қазан
аралығында өткізіледі. «Ақындар айтысы» іс-шараларын өткізу кезінде өңірдің белгілі айтыскер
ақындарын тарту ұсынылады. Осыған орай,
мектебімізде 11 «Б» сынып оқушыларымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бектемисова Гульфайруз Манатбекқызыныңұйымдастыруымен “Айтыс-халық қазынасы” тақырыбында, айтыс туралы, атақты айтыскер ақындар туралы, айтыстың түрлері туралы танымды сабақ өткізілді.