Наурыз мерекесі » №48 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№48 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-75-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 381-49-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз мерекесі
16
сәуір
2019

Наурыз мерекесі

13 сәуір күні мектебімізде «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекесі аталып өтті. Мереке барысында концерттік бағдарламада мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындар ойнатылды. Тоғызқұмалақ федерациясы жаттықтырушыларының жетекшілігімен балаларға шеберлік сыныбын көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Мектеп ұстаздары мен ата- аналардың белсенділігімен қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, мерекелік дастархан жайылды. Наурыз мерекесі той-думан ретінде ғана емес, оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор ұлттық салт-дәстүрлерді негізге ала отырып өткізілген іс-шара болды.