ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ! » №48 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№48 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-75-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 381-49-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ!
03
наурыз
2021

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ!

27.02.2021 ж күні Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімі қолдауымен Ж.Жабаев атындағы №161 лицей ұжымы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы –Жамбыл!» атты мерекелік кеш өткізілді.
 Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған 8-11 оқушылары арасында өткен «Ұлы дала жыршысы» еркін тақырыптағы эссе байқауының марапаттау рәсімі өткізілді. Аудан көлемінде ұйымдастырылған эссе байқауына 30 ға жуық оқушы қатысып, оның ішінде 6 эссе тәуелсіз сарапшылар тобының шешімімен үздік деп танылды. Байқау қорытындысы бойынша біздің оқушымыз Блялова Дина жүлделі ІІІ орынға ие болды.